Қазақстан чемпионаты: Екінші лига ойындары ертең басталады

Қазақстан чемпионаты: Екінші лига ойындары ертең басталады

Футболдан екінші лиганың алғашқы тур ойындары 8-9 сәуір күндері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап

Биылғы маусымға барлығы 20 команда қатысады. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда төртеуге аз. Командалар биыл да екі конференцияға бөлініп, бірінші лигаға берілетін жолдаманы сарапқа салады. 

Оңтүстік-Батыс конференциясында «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайсар-Ж» (Қызылорда), «Ордабасы-Ж» (Шымкент), «Каспий-Ж» (Ақтау), «Жас Қыран» (Алматы), «Жайық» (Орал), «Jeyran» (Алматы), «Талас» (Жамбыл облысы), «Атырау-Ж» және «Тұран-Ж» (Түркістан) командалары ойын көрсетеді.

Ал солтүстік-шығыс конференциясында «Жетісу-Ж» (Талдықорған), «SD Family-Ж» (Астана), «Астана-Ж», «Тобыл-Ж» (Қостанай), «Оқжетпес-Ж» (Көкшетау), «Алтай-Ж» (Өскемен), «Елімай-Ж» (Семей), «Қызылжар-Ж» (Петропавл), «Жеңіс-Ж» (Астана) және «Шахтер-Ж» (Қарағанды) командалары бар.

Биыл Қазақстан футболында жаңадан құрылған Алматының «Jeyran» жекеменшік команда ретінде ерекшеленіп отыр. Ал «Жайық» талай жылдық тарихы бар «Ақжайықтың» орнын басты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или