ЕУРО-24/25: Қазақстан қыздар құрамасы іріктеу кезеңін бір ұпаймен аяқтады

ЕУРО-24/25: Қазақстан қыздар құрамасы іріктеу кезеңін бір ұпаймен аяқтады

Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан U19 қыздар құрамасы Еуро-24/25 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Мальтамен тең (0:0) тарқасты. Бұл матчта қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Осылайша соңғы орынға тұрақтап, А лигасына шыға алмадық.

Бұған дейін бұрымды аруларымыз Латвиядан 1:3, Косоводан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или