Шымкент қаласында теңге ілуден III Азия Кубогі өтті

Шымкент қаласында теңге ілуден III Азия Кубогі өтті

Шымкент қаласында теңге ілуден III Азия Кубогі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық сынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 4 спортшысы және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Ресейден 23 спортшы қатысты.

Жарыстың алғашқы күні ашылу салтанаты және «Жеті құт», «Бес белес» стильдері бойынша үздіктер анықталды. Алтыншы сәуір күні «Қос құлаш» стилінің жеңімпазы анықталып, үш стиль бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтті. Сондай-ақ, үш стиль бойынша үздіктер жарысып «Үздік Теңге ілуші» анықталды.

«Жеті құт» стилі:

  1. Сапар Бейбарыс (Қазақстан)
  2. Бақтыбай Саят (Қазақстан)
  3. Егамбердиев Кодиржон (Өзбекстан)

«Бес белес» стилі:

  1. Сейдахмет Руслан (Қазақстан)
  2. Еркінбек Өміртай (Моңғолия)
  3. Есенбекуулу Азим (Қырғызстан)

«Қос құлаш» стилі:

  1. Әсімжан Нариман (Қазақстан)
  2. Меліс Наурызбек (Моңғолия)

Сапар Бейбарыс «Үздік Теңге ілуші» атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или