Бүгін гол соққан Месси тағы да рекорд орнатты

7-сәуір күні MLS чемпионаты аясында «Интер Майами» өз алаңында «Торонто» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Интер Майами» мен «Торонто» арасындағы матч тең (1:1) аяқталған болатын. Осы матчтағы алаң иелерінің жалғыз голын бірінші таймның соңында Лионель Месси соқты.
Осылайша аргентиналық шабуылшы 24 гол және 20 голдық паспен «Интер Майамидің» MLS тұрақты чемпионатындағы ең нәтижелі (44 г/а) ойыншысы атанды. Бұл нәтиже үшін шабуылшыға 29 матч жеткілікті болды.
Бұған дейінгі үздік нәтиже бұрынғы аргентиналық шабуылшы Гонсало Игуаинға тиесілі болған еді – 43 г/а (67 матч).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или