«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновпен жазда қоштасады

«Бешикташтың» бас бапкері Оле Гуннар Сульшер 2025 жылдың жазында командада көптеген кадрлық өзгерістер жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Fotomac басылымының хабарлауынша, норвегиялық бапкер өз үмітін ақтамаған он ойыншының тізімін жасады. Клуб басшылығы олардың әрқайсысымен жеке сөйлесіп, келісім-шартты бұзу немесе сату нұсқаларын талқылауды көздеп отыр.
Тізімде Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиёр Зайнутдинов, сондай-ақ қақпашы Ерсін Дестаноглу, қорғаушылар Онур Булут пен Йонас Свенссон, жартылай қорғаушылар Алекс Окслейд-Чемберлен, Амир Хаджиахметович пен Салих Учан, шабуылшылар Семих Киличсой мен Мустафай Хекимоглуе бар.
27 жастағы Зайнутдинов 2023 жылдың жазында мәскеулік ЦСКА-дан 3,5 миллион еуроға ауысып, Стамбул клубының ойыншысы болды. Қазақстандық «Бешикташ» сапында 49 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. «Бешикташ» Түркия чемпионатында 27 матчтан кейін төртінші орында тұр.