Эльдор Шомуродов Италиядағы кезекті голын соқты

Эльдор Шомуродов Италиядағы кезекті голын соқты

«Романың» өзбекстандық шабуылшысы Эльдор Шомуродов Италия чемпионатының 31-ші турында «Ювентусқа» қарсы ойында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шомуродов үзілістен кейін алаңға шығып, 49-шы минутта гол соқты. 

Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 40-минутта туриндік клуб Мануэль Локателли соққан голдың арқасында есепте алға шыққан еді.

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы осы уақытқа дейін 30 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или