Қазақстан құрамасы Вьетнаммен екі жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ФИФА күнтізбесі бойынша футзалдан Қазақстан құрамасы сәуірдің 8-16 аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығулар аясында біздің құрама Вьетнам құрамасының шақыруымен 13 және 15 сәуірде Хошимин қаласында екі жолдастық кездесу өткізеді.
Жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталады. Алдағы оқу-жаттығу жиынына 14 ойыншы шақырылды:
Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);
Алаң ойыншылары: Азат Валиуллин («Аят»), Ерсұлтан Сағындықов («Аят»), Иван Марахов («Аят»), Жахангир Рашит («Қайрат»), Дамир Кайырбай («Қайрат»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Ержан Карменов («Семей»), Абдирасил Абдуманапулы («Семей»), Альберт Акбалыков («Ақтөбе»), Сайфулла Қоспанов («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
Футзалдан Қазақстан құрамасы 10 сәуірде Вьетнамға аттанады.