Түркістанда каноэ мен байдаркада ескек есуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

Түркістан қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні спортшыларымыз 200 метрге жарысып, үздіктерді анықтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Сергей Емельянов (каноэ) пен Ольга Шмелёва (байдарка) тағы топ жарып, абсолютті чемпион атанды. Екеуінің еншісінде барлық қашықтықтың алтыны бар.
Бүгінгі жүлдегерлер тізімі:
Каноэ, 200 метр ерлер:
1. Сергей Емельянов (Шымкент қаласы)
2. Виктор Степанов (Қарағанды облысы)
3. Ануар Алмағамбетов (Қызылорда облысы)
Байдарка, 200 метр:
1. Дмитрий Ладюков (Алматы қаласы)
2. Сергей Токарницкий (Шымкент қаласы)
3. Бекарыс Раматулла (Түркістан облысы)
Байдарка, әйелдер 200 метр:
1. Ольга Шмелёва (Түркістан облысы)
2. Стелла Суханова (Шымкент қаласы)
3. Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы)
Каноэ 200 метр әйелдер:
1. Ульяна Кисилёва (Түркістан облысы)
1. Мария Бровкова (БҚО)
2. Руфина Искакова (Шымкент қаласы)
3. Ольга Сурмина (Астана қаласы)
Каноэ, 200 метр жұптық:
1. Мария Бровкова, Ольга Сурмина
2. Маргарита Торлопова, Ульяна Кисилёва
3. Мария Карманова, Малика Тұрсын
Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының командасы үздік шықты. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы мен Қарағанды облысының ескекшілері тұр. Биыл чемпионатқа келген 11 өңірдің бәрі жүлде алды.