АПЛ клубы екі қызыл қағазға қарамастан өз алаңында тарихта алғаш рет жеңіске жетті

АПЛ клубы екі қызыл қағазға қарамастан өз алаңында тарихта алғаш рет жеңіске жетті

Сенбі, 5 сәуірде «Кристал Пэлас» Премьер-лиганың 31-ші турында өз алаңында «Брайтонды» жеңді. Матч 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Алаң иелері матчты тоғыз адаммен аяқтады: 78-минутта 2:1 есебі кезінде шабуылшы Эдди Нкетьях, ал 90-шы минутта қорғаушы Марки Гуэхи алаңнан қуылды.

Қосымша уақыттың алтыншы минутында «Брайтон» Жан-Поль ван Хекке алаңнан қуылды.

Осылайша, Премьер-Лига тарихында алғаш рет өз алаңындағы матчта тоғыз адаммен қалған команда жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или