Ресми: Томас Мюллер «Бавариядан» кетеді

Ресми: Томас Мюллер «Бавариядан» кетеді

35 жастағы ойыншы әлеуметтік желідегі парақшасында маусым соңында клубпен қош айтысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келер маусымда да ойнағым келді. Бірақ клуб маған жаңа келісімшарт ұсынбады. Жеке өзім мұндайды қаламасам да, олардың шешімін құрметтеймін», – деп жазды Томас.

Мюллер Мюнхеннің клубында жасөсіпірімдер командасын қоса алғанда 2000 жылдан бері ойнап келеді. Ал ересектер арасында 743 матч өткізіп, 247 гол соғып, 273 ассист жасап, 32 трофей жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или