Ұлттар лигасы: Қазақстан Лихтенштейнді тас-талқан етті

Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының үшінші туры аясында сырт алаңда Лихтенштейнмен кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Лихтенштейннің Эшен қаласында өтті.
Қазақстан құрамасы алаң иелерінен 4:0 есебімен басым түсті. Матчтың 5-минутында Бибігүл Нұрушева есеп ашты. 26-минутта соқты Карина Берікова есепті еселеді. Ойынның 36-минутында Бибігүл Нұрушева пенальтиден гол соғып, есепті 3:0 қылды. Кездесудегі соңғы голды 90+5-минутта Амина Бибосынова соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы осы маусымдағы Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Люксембургпен 2:2 есебімен тең ойнап, Армения құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
С дивизионының 3-тобында үш турдан кейін Люксембургте 7 ұпай, Арменияда 6 ұпай, Қазақстанда 4 ұпай және Лихтенштейн 0 ұпай.