Футзалдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмендеді

FIFA футзалдан ұлттық құрамалар арасындағы рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA жаңартылған рейтингінде бесінші орыннан жетінші орынға түсіп қалды.
Наурыз айында Кака баптайтын Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде соңғы ойында Армениядан (4:2) жеңіліп, топтан тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтты. Армения (16 ұпай) бірінші орын иеленіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Қазақстан 10 ұпаймен екінші орында қалды.
Енді ұлттық құрама плей-офф кезеңінде бақ сынауға үміттенеді. Екінші орын алған 10 құраманың сегізі өзара іріктеу матчтарын өткізеді. Бұл кезеңге өтетін нақты командалар сәуір айында өтетін алтыншы тур ойындарынан кейін белгілі болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или