Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтсіз бастады

Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтсіз бастады

19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші турында Латвияға қарсы ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Мальтада өтіп, қазақстандық футболшылар 1:3 есебімен жеңілді. Қазақстандық команданың голын Адина Бейбіт (77-минут) соқты. 

Еске салайық, Еуро іріктеу кезеңі аясында Қазақстан WU-19 құрамасы В лигасының 3-ші тобына орналасты, оның қарсыластары Косово, Латвия және Мальта құрамалары болды. Матчтар 1-7 сәуір аралығында Мальтада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или