«Барселонаның» жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық

«Барселонаның» екі негізгі құрамдағы ойыншысы Рафинья мен Пау Кубарси қатарға қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі футболшы «Атлетикоға» қарсы матчқа толық дайын болады. Бұл жайында команданың бас бапкері Ханс Дитер Флик мәлімдеді.
«Рафинья мен Пау Кубарси қатарға қосылды. Екеуіде «Атлетикоға» қарсы ойынға дайын», - команда бапкері.
Рафиньяға демалыс беріліп, соңғы екі матчқа қатыспаған еді. Кубарсиде соңғы екі матчта бір тайм ғана өнер көрсетті.
Каталондық клуб ертең Испания кубогының жартылай финалы аясында «Атлетикомен» күш сынасады. Бірінші матч 4:4 есебімен тең аяқталған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или