Жұман Жұмабеков қырғызстандық файтерге реванш өткізуге шарт қойды

Қазақстандық спортшы Жұман Жұмабеков NAIZA.TV эфирінде қырғыз Айжигит Еркебайұлының шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты SPORT+ ке сілтеме жасап.
«Егер Айжигит бұл жекпе-жекті шынымен қаласа, мен оған өз шарттарымды айттым — 65 келі. Ол менің
Айжигиттің ең қатты айқасы менімен болды, базар жоқ, мен жеңілдім. Бірақ егер мен реваншты сұраған болсам, әңгіме басқа. Менің NOMAD-та рекордым 6-0, бұрынғы лига чемпионымын. Сондықтан өз талабымды қойдым — 65 келі. Егер осы жекпе-жекті қаласаңдар, менің шарттарыммен — кеттік!», — деді Жұмабеков.
Айжигит Еркебайұлы стористе Жұманды 9 мамыр күні NOMAD-та реванш өткізуге шақырды.
Олардың алғашқы айқасы NAIZA-да өткен болатын, онда Жұман чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілген.