Фаниль Рафиков пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек жарияланды

Fight Nights президенті Камиль Гаджиев 13 маусымда Қазақстанда өтетін Мариф Пираев пен Фаниль Рафиков арасындағы бокс ережесі бойынша жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
"13 маусымда Алматыда Фаниль Рафик пен Мариф Пираев арасында бокс жекпе-жегі өтеді. Сізге бұл оқиға қалай? Жекпе-жек 77 келі салмақ дәрежесінде өтеді", - деді Гаджиев YouTube желісіндегі арнасында.
Рафиковтың кейінгі жекпе-жегі осы жылдың ақпан айында Павлодарда Fight Nights Boxing турнирінде Ахмед Алиевке қарсы өткен болатын. Бүкіл қашықтыққа созылған бұл жекпе-жекте Фаниль төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Пираев кейінгі рет Hype FC турнирінде Нариман Аббасовқа қарсы жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен Мариф жеңіске жеткен болатын.