Нигериялық боксшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды

Нигериялық боксшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды

Нигериялық боксшы Габриэль Олувасегун Оланреваджу 40 жасында қайтыс болды. Ол 29 наурызда Гана астанасы Аккрадағы жекпе-жек кезінде есінен танып, қайтыс болған, деп хабарлайды Prosports.kz

MMA.Metaratings.ru мәліметінше, Оланреваджу Джон Мбанугуға қарсы жекпе-жек өткізіп жатқан кезде үшінші раундтың соңында есінен танып қалған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, бірақ жарты сағаттан кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Оланреваджу кәсіпқой рингтегі карьерасын 2019 жылы бастаған. Дебюттік кездесуінде ол отандасы Джимо Ноджиммен жұдырықтасып, жекпе-жекті толық қашықтықта өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. Оның рекордында 13 жеңіс (12-нокаутпен), сегіз жеңіліс және екі тең нәтиже тіркелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или