Қазақстандық қақпашының бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Transfermarkt порталы ресейлік «Тюмень» сапында өнер көрсететін қазақстандық қақпашы Александр Довгальдың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашының құны 75 мың еуродан 125 мың еуроға дейін өсті. Бұл – оның карьерасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін футболшының нарықтық құны 100 мың еуродан аспаған.
24 жастағы Довгаль «Тюмень» сапына 2025 жылы қаңтарда қосылды. Ресей Бірінші лигасындағы бес ойында төрт гол жіберіп, екі матчта қақпасын құрғақ ұстап қалды.
Айта кетейік, «Тюмень» жанкүйерлері екі кездесуде қазақстандық қақпашыны команданың үздік ойыншысы деп таңдады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или