Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 160 фунтта абсолютті чемпион болудан гөрі екінші орта салмақта мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуді қалайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Орта салмақта қазір көп оқиға болып жатыр: Хамза Шираз, Эрисланди Лара, Карлос Адамес. Бұл жігіттер мықты, бірақ менің орбитамда емес. Олар менің мақсаттарымның қатарында жоқ.

Мен [Адамес пен Шираз жекпе-жегін] көрдім, бірақ төреші ретінде емес – боксшы ретінде. Олардың стилін, оны қалай қолданғанын бақылай отырып қарадым. Бірақ мен төрешілердің шешімін бағалай алмаймын. Мен жай ғана осы жекпе-жектің куәгері болған боксшымын.

Мен екінші нөмірлерді іздемеймін. Мен «Канело» сияқты бірінші нөмірлі боксшылармен жұдырықтасқым келеді», – деді Әлімханұлы Boxing Scene басылымына берген сұхбатында.

«160 фунт – мәселе емес. Мен жоғары салмаққа көтеріле аламын, кейін қайта түсу де қиындық туғызбайды. Уақыт жағынан да, мүмкіндік жағынан да еш қиындық жоқ. Менде бәрі жеткілікті».

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде орта салмақтағы IBF және WBO титулдарын қорғау үшін франиялық Анауэль Нгамиссенгеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или