Криштиану Роналду жазда «Реалға» оралуы мүмкін

Криштиану Роналду жазда «Реалға» оралуы мүмкін

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатында ойнау үшін мадридтік «Реалға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

ФИФА 1-10 маусым аралығында және АҚШ-та өтетін турнир кезінде арнайы трансферлік кезең ашады, бұл клубтарға жаңа ойыншыларды тіркеуге мүмкіндік береді. Ккомандалар осы жарысқа арнайы қысқа мерзімді келісімшарттар жасай алады. Финалдан кейін клубтар АҚШ-та ойнаған футболшылармен қоштасуға құқылы.

Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Реал» сапында өнер көрсетуді жоспарлап отыр, себебі оның қазіргі командасы «Әл-Наср» бұл турнирге жолдама ала алмады. Турнир аяқталғаннан кейін мадридтік клуб португалиялық жұлдызбен келісімшартты ұзартуға міндетті емес және оны еркін агент ретінде босата алады. Sky Sport мәліметінше, бұл идея шабуылшыға қатты ұнайды.

Осы маусымда Роналду «Әл-Наср» сапында барлық турнирде 33 матч өткізіп, 28 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген, оның нарықтық құны шамамен 12 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или