Бұрынғы UFC файтері ММА-ге оралу туралы мәлімдеме жасады

Жартылай жеңіл салмақта (66 кг дейін) бұрынғы UFC файтері, ресейлік Забит Магомедшарипов аралас жекпе-жек спортындағы карьерасын жалғастырғысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпионат мәліметінше, Забит діни себептерге байланысты октагонға оралғысы келмейді. Экс-UFC спортшысының достары Магомедшариповтың жаттығу видеосы оның жақын арада оралғысы келетінін білдірмейтінін айтты. Бейнеролик жанкүйерлердің қызығушылығын арттыру және спортшыға назар аударту үшін түсірілген.
34 жастағы Забит Магомедшарипов – Хасавюрт тумасы, 2012 жылы аралас жекпе-жектегі кәсәпқой карьерасын бастаған. Сондай-ақ, ол жартылай жеңіл салмақ санатында (65 кг дейін) бұрынғы ACB чемпионы.
2017 жылы Магомедшарипов UFC-де дебютін өткізді. Әлемдегі ең беделді ұйым аясында ол алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. 2022 жылдың маусымында Забит спорттық карьерасын аяқтағанын жариялады.