Team Vitality қатарынан 16-жеңісіне қол жеткізді — CS тарихындағы төртінші нәтиже

Team Vitality қатарынан 16-жеңісіне қол жеткізді — CS тарихындағы төртінші нәтиже

Team Vitality командасы Counter-Strike 2-дегі жеңіс сериясын 16 матчқа дейін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезекті жеңіс BLAST Open Lisbon 2025 финалында MOUZ-ға қарсы кездесуде тіркелді.

Француз командасының жеңісті жолы 1 ақпанда IEM Katowice 2025 турнирінде Team 3DMAX ұжымын жеңуден басталды. Содан бері Vitality қатарынан үш турнирде топ жарды: IEM Katowice, ESL Pro League Season 21 және BLAST Open Lisbon 2025. 

Лиссабондағы жеңіс Vitality командасына Counter-Strike тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериялары тізімінде төртінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Жоғарыда тек:

— Astralis — 17 матч,
— Team Liquid — 23,
— Ninjas in Pyjamas — 60.

Vitality-дің келесі турнирі IEM Melbourne 2025 болады. Ол 21-27 сәуір аралығында Аустралияда өтеді. Командалар $300 мың (шамамен 138 млн теңге) жүлде қорын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или