Қазақстандық теннисші Румыниядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Румыниядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 174-ракеткасы Тимофей Скатов Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 223-орында тұрған молдовалық Раду Алботпен ойнады.

Қос теннисші бір апта бұрын Жирона (Испания) челленджер турнирінде кездесіп, онда Т.Скатов тартысты матчта 6:4, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Скатов бет қаратпады – 6:1.

Екінші сетте молдовалық теннисші 5:2 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Тай-брейкте Тимофей табандылық танытты – 7:6 (7:3).

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Албот 1 эйс, 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады. 

Осылайша, Т.Скатов негізгі жарысқа жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или