Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Марракеште (Марокко) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Команда ішінде ең үздік нәтижені Руслан Курбанов көрсетті – ол 18-орынға ие болды.

Никита Жулинский – 41-орын, Михаил Кузьмин – 51-орын, Эльмир Әлімжанов – 74-орын, Кирилл Павлов – 89-орын, Вадим Шарлаимов – 92-орын, Ерлік Сертай – 98-орын, Александр Федотов – 140-орын, Ансар Қасен – 203-орын, Нариман Уәлихан – 229-орын алды.

Командалық жарыста ұлттық құрама 17-орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или