«Барселона» клубы тарихи көрсеткішке қол жеткізді

«Барселона» клубы тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын «Барселона» 2024/25 маусымында тарихи рекорд иегерлері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 наурыз күні Испания чемпионатының 29-турында «Барселона» өз алаңында «Жиронаны» 4:1 есебімен жеңген болатын. Осы матчтан кейін каталониялық клубтың рекорды тіркелді.

«Барселона» 2024/25 маусымында барлық жарыстарда 45 ойын өткізіп, 139 гол соқты. Бұл – Ла Лига клубтары тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін ешбір Испандық команда мұндай нәтиже көрсетпеген.

Каталониялық клуб қазіргі таңда мүмкін болатын маусымдағы барлық кубокты алуы мүмкін. Ла Лигада 66 ұпаймен көш бастап тұр. Кубоктың жартылай финалында өнер көрсетуде. Ал Чемпиондар лигасының ширек финалында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или