ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов қызметінен кетті

ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов қызметінен кетті

ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады:

«Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтер атқарған: 2008-2012 жылдары бас хатшы, ал 2012-2014 жылдары Федерацияның вице-президенті болды. 2024 жылдың соңында Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы болып қайта тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясы Саян Жақсыгелдіұлына атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызмет орнында сәттілік тілейді», - делінген хабарламада.

Дереккөз: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или