World Boxing: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

30 наурызда Бразилияда бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилияда 19 елден 130 спортшы сынға түседі. Қазақстан құрамасынан аталған турнирге 11 боксшы қатысады.
Қазақстандық боксшыларды алғашқы айналымдағы қарсыластары төмендегідей:
- 50 кг (1/4 финал) – Нурзат Оңғаров vs Асылбек Жалилов (Өзбекстан);
- 55 кг (1/8 финал) – Нұрсұлтан Алтынбек vs Майкл Триндаде (Бразилия);
- 60 кг (1/4 финал) – Талғат Сырымбетов vs Луис Оливейра (Бразилия);
- 65 кг (1/8 финал) – Алмат Абдуәлі vs Юри Рейес Фалькао (Бразилия);
- 70 кг (1/4 финал) – Дархан Дүйсебай Макан Траоре (Франция) – Криштиану Перейра (Бразилия) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;
- 80 кг (1/4 финал) – Диас Молжігітов vs Никоден Козак (Польша);
- 85 кг (1/2 финал) – Даулет Төлемісов Абдулайе Траоре (Франция) – Жугно (Үндістан) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;
- +90 кг (1/4 финал) – Даниял Сапарбай vs Нарендер (Үндістан).
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
Жеребе нәтижесі бойынша екі қазақстандық боксшы - Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін) пен Даулет Төлемісов (85 кг дейін) бірден жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, айтулы турнир 30 наурыз — 6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым — 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.