Қазақстандық теннисші Мексикадағы жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Мексикадағы жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексикада өткен челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 245-ракеткасы шешуші мачта жарыстың 1-ракеткасы Джеймс Даквортпен кездесіп, 1:6, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. 

Матч бір сағат 47 минутқа созылды. 

28 жастағы қазақстандық теннисші турнирдегі жеңісі үшін 28,4 мың АҚШ доллар ақша алады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или