«Зенит» Нұралы Әліппен бірге қарсыласын ірі есеппен ұтты

Санкт-Петербургтің «Зенит» пен Қазанның «Рубин» командалары кездескен Ресей премьер-лигасының 22-ші турындағы ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч «Газпром Арена» стадионында (Санкт-Петербург) өтті. Алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Осы матчтың қорытындысы бойынша «Зенит» Ресей премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. Сергей Семак шәкірттері 22 кездесуде 46 ұпай жинады.
«Зенит» сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Нұралы Әліп 14-ш минутта жарақат алған футболшының орнына алаңға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или