Пеп Гвардиола «Барселона» футболшысын команда қатарына қосқысы келеді

«Манчестер Сити» «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Педриге қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хосеп Гвардиола 22 жастағы испан жұлдызын команда сапына қосқысы келеді.
Кевин Де Брюйне маусым аяқталғаннан кейін командадан кетуі мүмкін болғандықтан, АПЛ чемпионы ойыншы үшін шамамен 100 миллион еуро ұсынуға дайын, бірақ каталондық клубтың президенті Жоан Лапорта бұл ұсынысты қабылдамайды.
Лапорта жеке сұхбатында ойыншының өзі сұрамайынша командадан кетпейтінін айтқан.
2025 жылдың қаңтарында Педри каталондық клубпен 2030 жылдың жазына дейін жаңа келісім-шартқа қол қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или