Елена Рыбакина әлемдік рейтингте оныншы орынға түсті

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте оныншы орынға түсті

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Майамидегі спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші орында соңғы «мыңдық» турнирінің жеңімпазы беларусь Арина Соболенко. Екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында АҚШ өкілі Кори Гауффқа бұйырды. 

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина екі орын төмендеп, оныншы орынға түсті. Еске салайық, Рыбакина Майамидегі турнирде нашар өнер көрсетіп, екінші айналымдағы алғашқы кездесуінде Эшлин Крюгерден жеңіліп қалған болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, 23-орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или