«Арсенал» швед сұрмергеніне көз тікті

«Арсенал» швед сұрмергеніне көз тікті

Лондондық «Арсенал» осы жазда «Спортингтен» Виктор Дьокерешті сатып алуға мүдделі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Микель Артета келесі маусымда сапалы шабуылшыға мұқтаж. Клуб Дьокерешті жазда сатып алуға үлкен қызығушылық танытуда. 

Швециялық шабуылшы Еуропадағы ең көп гол соққан ойыншылардың бірі. Ол «Спортинг» сапында 92 ойында 85 гол соққан. Футболшының португалиялық клубпен келісімшарты 2028 жылға дейін.

Жас форвардқа Англияның тағы бір клубы да қызығушылық танытып отыр - ойыншының «Спортингтегі» бұрынғы жаттықтырушысы Рубен Аморим оны «Манчестер Юнайтед» сапында көргісі келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или