Италия А Сериясы: «Наполи» өз алаңында «Миланды» жеңді

Италия А Сериясы: «Наполи» өз алаңында «Миланды» жеңді

«Наполи» мен «Милан» кездескен Италия А сериясының 30-шы турының ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Италияның Неаполь қаласындағы Диего Армандо Марадона стадионында ойнады. Алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы бірінші гол екінші минутта соғылды. «Наполи» ойыншысы Маттео Политано мергендік танытты. 19-минутта бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку есепті еселеді. 84-минутта «Миланның» серб шабуылшысы Лука Йович бір гол соқты.

Айта кетейік, 69-минутта «Миланның» шабуылшысы Сантьяго Хименес 11 метрлік допты голға айналдыра алмады.

«Наполи» Италия А сериясында екінші орында. Антонио Конте шәкірттерінің еншісінде 30 матчта 64 ұпай бар. Милан 47 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. Бірінші орында «Интер» (67).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или