Еркін күрестен Азия чемпионаты: Болат Сақаев алтын медаль үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасының спортшысы Болат Сақаев Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді.
Қазақстандық балуан 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Болат жартылай финалда Қытай спортшысы Цао Нанға еш мүмкіндік қалдырмай, 12:1 есебімен басым түсті.
Ал Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпейге есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.
Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға өткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или