Бокс. World Boxing: Бразилияда әлем кубогының бірінші кезеңі басталады

Бүгін Бразилияда бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, дүбірлі дода 30 наурыз — 6 сәуір аралығында өтеді деп жлспарланып отыр.
Әлем кубогында еліміздің атынан ерлер құрамасында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым — 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.