Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Таиландта жеңіске жетті

29 наурызда бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов Бангкок қаласында (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақтың қарсыласы жергілікті боксшы Вирапат Камлангвай болды.
Ауыр салмақтағы жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Асхат төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Асхат Жантұрсынов кәсіпқой мансабындағы 8-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір рет ұпай саны бойынша ұтылған.
Вирапат Камлангвай кәсіпқой рингте бесінші рет мерзімінен бұрын жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или