«Хумо» - «Торпедо» матчының тікелей трансляциясы

Өскемендік «Торпедо» мен Ташкенттің «Хумо» командалары финал жолдамасына таласуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Ташкентте хоккейден «Хумо» мен «Торпедо» арасында Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық сериясының алтыншы кездесуі өтеді.
Төрт жеңіске дейінгі серияда қазір өзбек клубы алда (3:2).
Кездесу Ташкенттегі Humo Arena мұз сарайында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы pro.ligasy.kz сайтында және сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или