Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль алды

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль алды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық үшінші орынға табан тіреді. Соның арқасында ол өз жағдайын жақсарта алды.

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілерден 192,70 ұпай алды (жеке көрсеткіш). Барлығы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 287,47 ұпай жинап (жеке үздік көрсеткіш), доданы екінші орында аяқтады.

Америкалық Илья Малинин қатарынан екінші рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды – 318,56. Жапондық Юма Кагияма 278,19 көрсеткішпен үшінші болды.

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өзінің үздік нәтижесін көрсетті. Оған қоса, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Осы маусымда Азия ойындарында үшінші орын алды, сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или