Қазақстандық боксшылар халықаралық жарыста 8 алтын жүлдені жеңіп алды

Орал қаласында Манарбек Ықсановты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер арасындағы бокстан турнир өтті.
Жарыс барысында 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар:
• Айтор Қайырбеков (44 кг)
• Бекхон Кодирбек (50 кг)
• Асылхон Ғазиз (52 кг)
• Жанарыс Дүйсенбай (54 кг)
• Диас Сәбит (60 кг)
• Қуаныш Аманқұл (70 кг)
• Еркебұлан Әлі (80 кг)
• Нұрбек Сержанұлы (80+ кг)
Қырғызстаннан келген спортшылар төрт алтынды еншіледі:
• Муслим Паншер (46 кг)
• Зубаир Акрамов (57 кг)
• Кутман Дүйшөналиев (63 кг)
• Абубакр Дүйшеев (66 кг)
Тағы екі алтын Тәжікстан құрамасына бұйырды:
• Бехруз Умаров (48 кг)
• Амир Нозимов (75 кг)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или