Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты


Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орын алды. 

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Алтын медаль үшін болған белдесуде Ризабек Айтмұхан жапондық Араш Йошидаға 1:7 есебімен есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алған болатын. 30 наурызда қалған бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или