Еркін күрестен Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола медаль иеленді

Еркін күрестен Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола медаль иеленді


Қазақстандық балуан Рахат Қалжан еркін күрестен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта Ирак спортшысы Хусейн Альбехадилальборспен белдесті. Қола медаль үшін өткен кездесуде Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал қола жүлде үшін Начын Куулар (70 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (79 келіге дейін) күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или