Лукаку карьерасын аяқтағаннан кейін немен айналысатынын айтты

Лукаку карьерасын аяқтағаннан кейін немен айналысатынын айтты

«Наполи» мен Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку футболшы карьерасын аяқтағаннан кейін немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бапкер болу туралы ойладым. Жан дүниемнің бір бөлігі бұған ұмтылады, бірақ кейбір күмәндар да бар. Осы маусым аяқталған соң оқуды бастаймын. Сол кезде нақты не қалайтынымды анықтаймын», – деп келтіреді шабуылшының сөзін Tribal Football.

31 жастағы форвардтың клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін есептелген. А Сериясының осы маусымында Ромелу 27 матч өткізіп, 10 гол мен 8 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или