Қазақстандық клубқа жаңа спорт директоры тағайындалды

Павлодарлық «Ертіс» қазақстандық маман Юрий Ишутинді клубтың спорт директоры қызметіне тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ресми: Юрий Ишутин - «Ертіс» ФК спорт директоры атанды.
Павлодарлық «Ертіс» клубы даңқты тәрбиеленушісі Юрий Борисович Ишутинмен ресми түрде еңбек келісімі жасасқандығы жайлы мәлімдейді. Белгілі қазақстандық маман спорт директоры лауазымына тағайындалды.
Юрий Борисович Ишутин – павлодарлық футбол мектебінің түлегі. Қақпашы бола тұра «Трактор» (Павлодар), «Шахтер» (Қарағанды), «Аңсат/ Ертіс (Павлодар), «Елімай» (Семей), «Восток» (ӨСкемен) және «Екібастұз» командалырында өнер көрсетіп, жалпы Қазақстан чемпионаттарында 577 ойын, ел Кубогында 30 матч өткізген. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, ұлттық құрама ойыншысы болған.
Бапкер ретінде «Есіл», «Ертіс», «Ақжайық», «Атырау», «Тараз» және Қазақстан ұлттық құрамасында қызмет істеген, сонымен қатар «Ақсу» клубының спорт директоры лауазымын атқарған», - делінген клуб хабарламасында.