«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур матчында «Тұран» мен алматылық «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар кездесудің басынан бастап ойын тізгінін өз қолына алды және Гиорги Зария пенальтиден есеп ашты. Түркістандықтар таразы басын теңестіруге тырысқанымен, бірінші тайм аяқталғанша есеп өзгермеді.

Екінші тайм басында Александр Широбоков екінші рет ереже бұзып, алаңнан қуылды. Осы сәттен кейін «Тұран» қарсы шабуылға шығып, Игорь Стасевич есепті теңестірді. Дегенмен, ойын соңына қарай Жоржиньо айып алаңының ортасынан соққы жасап, алматылықтарға 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.

Осы ойыннан кейін «Қайрат» 7 ұпаймен турнир кестенің көшбасшысы атанды, ал «Тұран» 3 ұпаймен 7-қатарда тұр.

«Тұран» — «Қайрат» 1:2 (0:1)

Голдар: Зария пен. 30, Стасевич 54, Жоржиньо 75). 

Төреші: Затулла (Өскемен)

29 наурыз. Түркістан. «Түркістан арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или