Қазақстан құрамасының капитаны «Тобыл» ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының капитаны «Тобыл» ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген қостанайлық «Тобыл» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан құрамасының капитаны ресми түрде қостанайлық клубтың ойыншысы атанды.

«Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге қатысты былай деді:

«Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де «Тобылда» ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі».

Айта кетейік, бұл – Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі. Ол сары-жасылдармен бірге Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.Қош келдің, Асхат! Қостанай сенің жарқын ойындарыңды асыға күтеді!», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или