Төрт гол мен қызыл қағаз. Қайсар мен Оқжетпес тең түсті

Қызылорданың «Қайсары» Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы матчта өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесімен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айбар Жақсылықов бірінші таймда екі гол соғып, қызылордалық ұжымды алға шығарды. Ол алдымен ойыннан, кейін пенальтиден Қажымұқан Төлепберген қорғаған қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда Темірлан Мырзағалиев алаңнан қуылып, «қасқырлар» он футболшымен қалды. Осыдан кейін көп ұзамай «көкшетаулықтардың» капитаны Нияз Ыдырысов есеп айырмасын қысқартты. Қонақтар шабуылдарын үдете түсіп, 89-минутта Страхиния Йовановичтің голының арқасында таразы басын теңестірді — 2:2.
Үш турдан кейін «Қайсардың» еншісінде екі ұпай, ал «Оқжетпесте» төрт ұпай бар.
«Қайсар» — «Оқжетпес» 2:2 (2:0)
Голдар: Жақсылықов 20 (1:0), Жақсылықов (пенальти) 38 (2:0), Идрисов 59 (2:1), Йованович 89 (2:2).
Алаңнан қуылды: Мұрзақалиев 55.