Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Мексикадағы "Челленджердің" жартылай финалында ойнайды

Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Мексикадағы "Челленджердің" жартылай финалында ойнайды

Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Мексикадағы "Челленджердің" жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейбіт Жұқаев (215 ATP) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Ширек финалда қазақстандық теннисші швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен (172 ATP) кездесті. Жұқаев 2 сағат 12 минутқа созылған матчта 6:3, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бейбіт енді жартылай финалда турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген аустралиялық Джеймс Даквортпен (95 ATP) шеберлік байқасады.

Мексикада тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалда аргентиналық Тиаго Агустин Тирантені (117 ATP) бір сағаттан астам уақыт ішінде 6:1, 6:4 есебімен оп-оңай ұтты. Попко турнирдің жартылай финалында Уго Греньеге (Франция) қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или