Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына дейін жетті

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына дейін жетті

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF M25 турнирінің финалында ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші америкалық Ник Чеппелмен бірге жарыс барысында үш кездесуін жеңіспен аяқтады.

Соның ішінде жартылай финалда Г.Ломакин — Н.Чеппелл доданың бірінші ракеткалары, жапониялықтар Рюки Мацуда — Рйотаро Тагучиді тізе бүктірді — 7:5, 6:3.

Қазақстандық-америкалық жұп соңғы бәсекеде үндістандық Адиль Калианпур — аустралиялық Коди Пирсонмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бір сағат 44 минутқа созылған матч тартысты өтіп, үндістандық-аустралиялық дуэттің пайдасына шешілді — 6:3, 4:6, 16:14.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Әмір Омарханов германиялық Сидни Цикпен бірге Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 жарысының жартылай финалына дейін жетіп, онда Беларусь өкілі Эрик Арутюнян — грузиялық Саба Пурцеладзеге жол берді — 6:3, 3:6, 7:10.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или