Месси мен Роналду бір клубта ойнауы мүмкін

Криштиану Роналду уақытша клубын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Танымал talkSPORT порталының хабарлауынша, Криштиану 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубынан кетуді қарастырып жатыр. Роналдудың саудиялықтармен қазіргі келісімшарт мерзімі 2025 жылдың жазында аяқталады.
Роналду күтпеген қадам жасап, америкалық «Интер Майами» клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа қол қойып, Лионель Мессимен бірге 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында ойнауы мүмкін екені хабарланды.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді келісімшарты аяқталғаннан кейін Роналду «Аль-Насрға» оралуды жоспарлап отыр.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 14 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или