«Боруссия» (Дортмунд) – «Майнц 05». Бундеслига матчында кім фаворит?

«Боруссия» (Дортмунд) – «Майнц 05». Бундеслига матчында кім фаворит?

Жексенбі, 30 наурызда Бундеслига аясында дортмундтық «Боруссия» мен «Майнц 05» кездеседі. Бір қызығы, бұл ойында алаң иелері фаворит саналады, бірақ қонақтар турнирлік кестеде жоғары тұр.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Қазір «Майнц 05» Бундеслигада үшінші орында тұр, он бірінші орындағы «қара-сарылардан» 10 ұпай озып кеткен. Бірақ сарапшылар мен жанкүйерлер бұл кездесуде дортмундтық командаға артықшылық береді.

«Боруссия» биыл өте сәтсіз маусым өткізіп жатыр. Команда алдыңғы төрттікке енеді деген сенім болған, бірақ қазір үздік ондықтың маңында жүр. Ақырында Нури Шахин «Боруссияның» бас бапкері қызметінен кетуге мәжбүр болды, бірақ Нико Ковач келген соң да көш түзелген жоқ. Дортмундтық команда көбінде өз стадионында ұпай еншілейді, бірақ өз жанкүйерлерінің алдында өткен кейінгі төрт ойында бір ғана жеңіске жетті. Мұндай ойынмен кез келген қарсыласпен кездесуде фаворит мәртебесіне ие болу қиын.

«Майнц 05» командасының жағдайы басқаша. Клуб ешқашан Бундеслига чемпионы болған емес, бірақ олар клуб рекордын орнатуға тырысып жатыр. Команда өз алаңында да, сырт алаңда да тұрақты өнер көрсетіп жүр. Алдыңғы бес турдағы нәтижені ғана есепке алсақ, Бо Хенриксен шәкірттері турнирлік кестеде бірінші орында тұрар еді, өйткені олар 13 ұпай жинады.

Сондай-ақ, кейінгі өзара кездесулерде «Майнц 05» басымдыққа ие: бес матчтың екеуінде қонақтар жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген, тағы екі ойын тең аяқталды.

Бірақ осының бәріне қарамастан, «Боруссия» (Дортмунд) биылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының ширек финалына шықты – осының өзі «аралардың»  потенциалы жоғары екенін көрсетеді. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы Дортмундта өтетін матчқа мынадай коэффициент ұсынады: 1.65 – «Боруссияның» жеңісі, 4.10 – тең ойын, 5.00 – «Майнц 05» жеңісі.

«Голдар. Қонақтар тоталы 1,5-ден көп» деген бәске – 3.38 коэффицент беріп отыр. Өйткені Бо Хенриксен командасы Бундеслигадағы кейінгі 5 кездесуінде және осы турнирдегі жалпы 17 матчтың 13-інде кем дегенде 2 гол соққан. Сондай-ақ, «Голдар. Қонақтар кемінде бір таймда жеңіске жетеді» дегенге – 2.62 коэффицент ұсынады. Өйткені «Майнц 05» кейінгі 5 матчтың бәрінде әрі осы турнирдегі жалпы 17 матчтың 13-інде кем дегенде бір таймда жеңіске жеткен. 

«Боруссия» (Дортмунд) – «Майнц 05» матчының тікелей трансляциясы 30 наурыз күні Астана уақытымен 20:30-да басталады. Оны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или